«Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтын пайдалану және «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтында тіркелген жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан ары қарай – «Пайдаланушы») арасындағы ақпаратпен алмасудың құпиялылығын тиісті түрде сақтау туралы мәміле.

1. Пайдаланушы Мәмілесінің мәні

«Астанаэнергосбыт» ЖШС Пайдаланушыға «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтымен осы Мәміленің мәні болып табылатын шарттар бойынша пайдалану қызметін ұсынады. Мәміле «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтының әкімшілігімен арнайы хабарлама бермей-ақ өзгертіле алады. Пайдаланушы Мәмілесінің ең тиімді нұсқасы әрдайым «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтында болып табылады.

2. Қызметтің мазмұны

«Астанаэнергосбыт» ЖШС сайты (бұдан ары қарай – «Сайт») «Астанаэнергосбыт» ЖШС қызметімен байланысты қызмет жүйесінің веб-интерфейсін компанияның абоненттері үшін қол жетімді етеді. Сайт қызметі Интернет жүйесіне қосылған абоненттерге және осы Мәміленің негізінде веб-интерфейсімен жұмыс жасау үшін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етілген Пайдаланушыларға ұсынылады.

3. Пайдаланушы Мәмілесінің өз күшіне енуі

Осы Мәміле Пайдаланушының оның шарттарымен келісетінін білдіруі, яғни Мәміле мәтінінің астында орнатылған, «Мен мәміленің шарттарын қабылдаймын» деген, веб-интерфейсін басқару тетігін Пайдаланушының басуы арқылы күшіне енеді.

4. Пайдаланушының тіркелуге қатысты міндеттері, пароль және қауіпсіздік

4.1. Пайдаланушы тіркелу тәртібін өтуі керек:

4.1.1 Осы Мәміленің шарттарымен келісетінін 3-тармақта көрсетілген әрекеттер арқылы растауы керек;

4.1.2. Тіркелу Нысанын толтыруы тиіс.

4.2. Пайдаланушы Тіркелу Нысанында көрсетілген сұрақтар бойынша өзі туралы шын, нақты және толық ақпарат беруге келіседі. Егер Пайдаланушы берген ақпарат қате болса, немесе «Астанаэнергосбыт» ЖШС-де Пайдаланушы берген ақпарат жалған, толық және нақты емес деп есептейтін негіз болатын болса, «Астанаэнергосбыт» ЖШС Пайдаланушыға сайтпен пайдалануға рұқсат бермеуге құқылы.

4.3. Тіркелу процесі аяқталғаннан кейін, 10 жұмыс күнінің ішінде тіркелуге берілген өтінім дұрыстығына қарай тексеріліп, пайдалануышының аты жазылған, жеке паролі бар конверт дайындалады. Пайдаланушы сайтқа кіру мүндіндігін беретін парольді «Астанаэнергосбыт» ЖШС абоненттік учаскелерінің бірінде (парольді алатын абоненттік учаске тіркеу барысында көрсетіледі), жабық күйінде, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін көрсеткеннен кейін ала алады. Пайдаланушы өз паролінің қауіпсіздігі үшін және Пайдаланушының паролі арқылы сайтта жасалған барлық әрекеттер үшін жауапты болып табылады.

5. Тіркелген Пайдаланушының әрекеті

5.1. Пайдаланушы «Астанаэнергосбыт» ЖШС мәліметтер базасына жіберліген кез келген ақпарат үшін жауапты екенін түсінеді.

5.2. Пайдаланушы сайтты 2-тармақта көрсетілген мақсаттардан басқа мақсаттарға пайдаланбауға міндеттеледі.

5.3. Пайдаланушы жіберген ақпараттың дұрыстығы жөнінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің күмәні болса, соңғысы жіберілген мәліметтерді есепке алмауға құқылы екендігі туралы Пайдаланушы ескертілді және келіседі.

6. Бейкоммерциялық пайдалану

Пайдаланушы сайттың қандай да бір бөліктерін қайталамауға, көшірмеуге, сатпауға, сонымен қатар қандай да бір коммерциялық мақсаттарға пайдаланбауға келіседі. «Астанаэнергосбыт» ЖШС Пайдаланушы мен үшінші тұлғалар арасындағы келісім-шарттар бойынша жауапты емес.

7. Пайдалану жөніндегі жалпы ережелер

Пайдаланушы «Астанаэнергосбыт» ЖШС алдын ала ескертусіз сайттың ережелерін кез келген уақытта өзгертіп және оны пайдалануды шектеуге құқылы екенін мойындайды.

8. Тіркеуді тоқтату

8.1. Пайдаланушы паролінің қолданыстағы мерзімін кез келген себептермен тоқтату құқығын «Астанаэнергосбыт» ЖШС өзіне қалдыратындығымен Пайдаланушы келіседі. Сайтты пайдалану қызметін тегін ұсына отырып, «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайттың жұмысын толықтай немесе оның белгілі бір бөлігінің жұмысын кез келген уақытта тоқтата алады.

8.2. Пайдаланушы «Астанаэнергосбыт» ЖШС қызметі мен сайт қызметінен Бауыржан Момышұлы д., 4/1-үй, (тел.: 8 (7172) 96-54-54) мекен-жайында орналасқан «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас ғимаратына өтініш беру арқылы бас тарта алады.

9. Кепілдіктен босату

9.1. Пайдаланушы келесіні түсініп және келіседі:

- Пайдаланушы сайт қызметін өз тәуекелдігіне қарай пайдаланады. Қызмет түрлері «бар» қалпында ұсынылады;

- «Астанаэнергосбыт» ЖШС қызмет түрлерінің Пайдаланушының күткеніндей болатынына кепілдік бермейді;

- «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтты пайдалану немесе пайдалана алмаудың себебінен болған кез келген тура немесе жанама шығындар үшін жауапты емес.

10. Жалпы ақпарат

10.1. Осы Мәміле Пайдаланушы мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС арасындағы заңды келісім-шарт болып табылып, Пайдаланушының сайт қызметін пайдалануын реттейді.

10.2. Пайдаланушы мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС осы Мәмілеге қатысты кез келген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілетінімен келіседі.

11. Ақпараттық қауіпсіздік

11.1. «Астанаэнергосбыт» ЖШС Қазақстан Республикасының Заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан басқа, Пайдаланушының сайтқа кіру үшін өзіне сеніп тапсырған парольді мәліметтермен алмасу барысына қатысы жоқ басқа тұлғалардан құпиялы түрде сақтуға міндеттеледі.

11.2. Пайдаланушы мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС Пайдаланушының сайтқа кіру паролін құпиялы түрде сақтауға міндеттеледі.

11.3. Пайдаланушыға «Астанаэнергосбыт» ЖШС мәліметтер базасындағы өзіне қатысты ақпараттан басқа және сайттағы бұқараға мәлім ақпараттардан басқа, «Астанаэнергосбыт» ЖШС кез келген басқа ақпаратымен танысуды жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

12. Сайт қызметін көрсетудегі үзілістер

«Астанаэнергосбыт» ЖШС сайт қызметін уақытша тоқтату арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізуге құқылы.

Сайттағы ақпараттың ақаусыз берілуі үшін Internet Explorer-ді жаңартып немесе кез келген Opera, FireFox, Google Chrome сияқты басқа браузерлерді орнату кеңесін береміз.